Royal Petrol жанармай құю станцияларындағы шағын маркеттер тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Мұнда автокөлігіңізге жанармай құюмен қатар, жолға қажетті заттардың бәрін сатып ала аласыз.
Біз қолжетімді бағамен танымал әлемдік брендтер тауарларының кең ассортиментін ұсынамыз: азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары, автокөлікке арналған керек-жарақтар, майлар және тағы басқалар.
Жолда аялдап, тәбет ашар френч-догтардан, нан-тоқаш өнімдерінен және дәмді, хош иісті кофеден дәм татыңыз. Жеңіл тамақтанып, сүйікті сусыныңызды жолға алып кетіңіз.
Қызметкерлеріміз тауар таңдауға көмектесіп, өнімдер туралы ақпарат береді және жылдам әрі сапалы қызмет көрсетеді.